Полицейлер ұлттық киіммен қызмет етіп жүр

15
18.03.2026 19:42

 Онкүндік Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні Түркістанда да жалғасын тапты. Бүгін полиция қызметкерлері ұлттық дәстүрге құрмет ретінде шапан мен бешпент, шекпен киіп, қызметтерін әдеттегідей жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары осылайша  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, мерекелік күннің мәнін айшықтауға өз үлестерін қосуда. Айта кету керек, бұл бастама жұмыс барысына кедергі келтірмейді. Керісінше, ұлттық құндылықтарды кәсіби қызметпен ұштастырудың бір көрінісі ретінде бағалануда.