Көптеген мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан тыс қосымша жұмыс істеуге мәжбүр

17
18.03.2026 19:41

Қазақстанда көптеген мемлекеттік қызметшілер негізгі жұмыс уақыты аяқталса да орнынан тапжылмай қосымша еңбек етуге мәжбүр. Кейбірі тірлігін  түнге дейін жалғастырса  енді бірі  сол жерде түнеп шығады.  Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің Еңбек кодексінде көрсетілген құқықтары жиі бұзылады. Депутаттың сөзінше, басты проблемалардың бірі – жұмыс уақытының шамадан тыс ұзақтығы. Еңбек кодексіне сәйкес, апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан, яғни күніне 8 сағаттан аспауы тиіс. Алайда іс жүзінде кейбір мемлекеттік органдарда қызметкерлер белгіленген нормадан артық жұмыс істеуге мәжбүр.