Өңірден шыққан көрнекті тұлғаларының мұрасы насихатталады

15
18.03.2026 19:40

Биылғы жылы Түркістан облысындағы  аудан және  қалаларда  100-ден астам мәдіние  іс-шара өтетін болады. Бұл туралы Аманат партиясында өткен Мирас кеңесінің отырысында облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков мәлімдеді. Сала өкілінің сөзінше, партияның  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы бойынша өңірімізге қатысты 3 тармақ бекітілген. Аталған құжаттың 68-інші тармағына сәйкес, Түркістан облысының көрнекті тұлғаларының мұрасын насихаттау көзделген.