Сәулет пен инновация тоғысқан шаһар

13
18.03.2026 19:37

Теңізбен арпалысып, су астынан жер қайтарып алған Нидерланд елі бүгінде Еуропаның басты экономикалық күретамырына айналған. Еуропадағы онкүндік сапар аясында қазақстандық медиа мамандары осы елдің саяси орталығы Гаага мен әлемдік деңгейдегі портты қала — Роттердамның тыныс-тіршілігін бағамдап қайтты. Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған жоба туралы толығырақ Ақмарал Молдиярқызы баяндап берсін.