Мектеп оқушылары сабаққа ұлттық нақыштағы киіммен барып жүр

15
18.03.2026 19:34

Бүгін Ұлттық киім күні. Бұл,  жай ғана күнтізбедегі дата емес, ұлт болмысының көрінісі. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі өзінің терең мағынасымен ерекшеленіп келді. Бүгінде бұл бай мұра заманауи стильмен ұштасып, жас ұрпақтың мақтанышына айналуда. Әсіресе, Түркістан төріндегі білім ордалары осы құндылықты  мектеп өміріне сіңіре білген. Ұлттық кодты жаңғыртқан ерекше мектептен тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.