Жас жыршылар тәулік бойы батырлар дастанын жырлайды

17
17.03.2026 19:32

Ақтөбеде ұлттық рухты жаңғыртқан ауқымды жыр марафоны басталды. Халық шығармашылығы орталығында өтіп жатқан рухани шарада 30-дан астам жас жыршы тәулік бойы үздіксіз өнер көрсетуде. Олар жүзге жуық терме мен халық әнін орындап, ғасырлар қойнауынан жеткен мұраны қайта жаңғыртып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясындағы бұл бастамаға өңір басшылығы да қолдау білдіріп, оның ұлт санасын серпілтетін маңызын атап өтті. «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері қатысқан жоба халықаралық сарапшылар бақылауында өтіп, әлемдік рекордтар кітабына енуге үміткер.