Бүгін наурызнама аясында «Шаңырақ күні». Осы ерекше күнге орай Достық үйінде үлкен шаңырақтың астында «Ақ орамал» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту. Іс-шараға жиналған ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар жас отбасыларға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді танытатын «Шылауыш орау» дәстүрінен сахналық көрініс ұсынылды. Қазақтың тағылымды дәстүрі жаңаша сипатта дәріптеліп, аналар жас жұбайлар мен ақжаулықты әжелерге ақ орамал жауып, ақ баталарын берді.
️