Түркістанда үш күнде жолды кесіп өткен 100-ден астам адам жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері адам көп жүретін көшелер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарға профилактикалық ескертулер берілді. Қалада жол қауіпсіздігін арттыру бағытында бейнебақылау жүйесінің жұмысы күшейтілді. Өткен жылы 410 камера орнатылып, оның 200-і жаңғыртудан өткен. Заманауи 40 камера бет-әлпетті тану және көлік нөмірін анықтау секілді аналитикалық мүмкіндіктермен жабдықталған. Бұл жүйелер құқық бұзушылықтардың алдын алып, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
️