Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды

20
10.03.2026 18:52

Елімізде баспана салу қарқыны соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Өткен жылы республика бойынша 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына айрықша назар аударылады. Сонымен қатар, өңірлерде ипотекалық бағдарламаларды мейілінше пайдалануға күш жұмсалады.  Әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау шаралары күшеймек.