Қазақстан 10 елдегі референдум учаскелерінің жұмысын тоқтатты

20
10.03.2026 18:51

 Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі бірқатар референдум учаскелерінің жұмысын уақытша тоқтатты. Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, бұған Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуы және Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендеуі себеп. Осыған байланысты арнайы штаб құрылып, 10 елдегі 11 дауыс беру учаскесін уақытша жабу туралы шешім қабылданды. Жалпы референдум кезінде 54 елде 71 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелдегі сайлаушылардың жалпы саны – 14 мың 230 адам.