«Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік кеш өтті

22
06.03.2026 20:21

 Түркістандағы мерекелік салтанат «Әлемнің жарығы – ана» атты ауқымды концерттік бағдарламамен жалғасты. Өңірдің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларға арналған кешке облыс әкімі арнайы қатысып, аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сахна төрінде эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар ән шырқап, бишілер ұжымы кештің көрігін қыздырды. Биылғы кештің басты ерекшелігі — заманауи технологиялардың қолданылуында. Сахналық қойылымдар жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнелермен үйлесім тауып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.