Қазақ қыздары инабаты болмысы, сұлулығы мен көркемдігінің арқасында ғана емес, асқан төзімділікті қажет ететін спорт түрі бойынша да төрткүл дүниені мойындатып келеді. Солардың бірі жауынгерлік самбодан әлем чемпионы атанған Нұрилә Асанқызы. Бойда тасыған бұла күш, әбжіл қимыл мен мұқалмас төзімділіктің арқасында көп ішінен дараланған аруымызбен тілшіміз Әбілқайыр Олжасұлы кездесіп, жетістіктің сырына қанығып келді.
️