Түркістан төрінде аяулы аналар мен нәзік жандылардың құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімінің қатысуымен өткен басқосуда өңірдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді арулар марапатталды. Бүгінде облыстағы кәсіпкерлердің 40 пайыздан астамы — қыз-келіншектер. Олар тек отбасының берекесін кіргізіп қана қоймай, экономиканың дамуына серпін беріп отыр.
️