Түркістандық Жанат Қалметова елімізде жыртқыш аңды дегеніне көндіріп, цирк аренасында өнер көрсетуге үйреткен тұңғыш әрі жалғыз қазақ қызы. Бір кездері арыстанды қолға үйретіп, талай көрерменді үреймен таңғалдырған өнерпаз қазір асыл тұқымды иттермен де өнер көрсетеді. Бүгінде оның өнер жолын үш перзенті жалғап келеді. Нәзік болмысымен қайсар рухын таныта білген жанмен тілшіміз Жұлдыз Шалхарбек жүздесіп келді.
️