Ауған экономикасы қаншалықты құлдырады?

221
24.08.2021 23:47

Ауғанстан халқы қалыпты өмірге оралғысы келеді. Бірақ, оған экономикалық фактор кедергі келтіруде. Тұрғындардың айтуынша, Кабулда бағалар күрт өскен. Ауған валютасы долларға шаққанда барған сайын құнсыздануда. Ал, барлық банк ғимараттары мен терминалдары жұмысын тоқтатқан.Елде бір қап ұнның бағасы 23 долларға дейін қымбаттаған. Қалада шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйым өкілдерінің жоқтығын ескерер болсақ, гуманитарлық дағдарыс қаупі туралы айтып, дабыл қағар ешкім жоқ.