Түркістандағы құлшылық үйлерінде ауқымды түсіндіру жұмыстары өтті

16
06.03.2026 20:13

Түркістандағы құлшылық үйлерінде құқық қорғау органдарының қатысуымен ауқымды түсіндіру жұмыстары өтті. Прокуратура мен полиция өкілдері мешіт жамағатына қоғамдағы өзекті құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын баяндады. Кездесуде әсіресе соңғы уақытта белең алған интернет-алаяқтық пен ұрлықтан сақтану шараларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мамандар азаматтарды қыз алып қашу және мәжбүрлі түрде некеге тұрғызу секілді әрекеттердің заңсыздығы мен оның артында ауыр қылмыстық жауапкершілік бар екенін қатаң ескертті. Тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.