Қазақстан мен Австрия заңсыз көші-қонға қарсы бірлесіп күреспек

14
05.03.2026 19:23

Қазақстан мен Австрия заңсыз көші-қонға қарсы бірлесіп күреспек. Бүгін Сенат депутаттары екі ел үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді мақұлдады. Енді ереже бұзған азаматтарды өз еліне қайтару немесе үшінші елге жөнелту процесі әлдеқайда жеделдейді. Ең бастысы – бұл процедуралардың барлығы халықаралық құқық нормаларына сай, қауіпсіз әрі тиісті тәртіппен жүзеге асырылмақ. Сенаторлардың айтуынша, бұл келісім заңсыз көші-қон арналарын жауып, екі мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Құжаттың тағы бір тиімді тұсы – оны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен ешқандай қосымша қаржы талап етілмейді.