Түркістан облысы референдумға дайын

16
05.03.2026 19:22

 Түркістан облысы алдағы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумды өткізуге толық дайын. Бүгін Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өңірдегі жауапты мамандармен арнайы жиын өткізіп, дайындық барысын пысықтады. Қазіргі таңда облыс бойынша 948 дауыс беру учаскесі заманауи техникамен, байланыс құралдарымен және қажетті жиһаздармен толық жабдықталған. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар дауыс беру күні қоғамдық қауіпсіздік пен өртке қарсы шараларды қатаң бақылауда ұстамақ. Биылғы саяси науқанның ауқымы Түркістан өңірінде өте үлкен. Облыста дауыс беру құқығына ие миллионнан астам азамат тіркелген. Мамандардың айтуынша, басты талап — заңдылық пен ашықтықты сақтау. Биыл ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне айрықша жағдай жасалып отыр.