Түркістанда теннис спортына қызығатын жастар мен ересектердің қатары күн санап артып келеді. Замануи кешенде бүгінде жүзден астам бала жаттығып, кәсіби спорттың алғашқы қадамдарын меңгеруде. Мамандар бұл спорт түрі жасөспірімдердің дене дайындығын күшейтіп қана қоймай, шапшаңдық пен ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететінін айтады. Қазіргі таңда орталық шәкірттері түрлі жарыстарға қатысып, өңір намысын қорғап жүр.
️