Келешек мектептері Түркістан облысында апатты және үш ауысымда сабақ өтетін оқу ордаларын жойып, білім сапасын арттырды. Бүгінде Түркістан облысында 29 келешек мектебі жұмыс істейді Онда оқушылардың сапалы білім алып, ой өрісін дамытуына және бәсекеге қабілетті болып бой түзеуіне барлық жағдай жасалған. Мәселен, шаһардағы нөмері 32-жалпы білім беретін мектепте жас өрендердің уақытын тиімді өткізуі үшін 20-дан астам үйірме ашылған. Бұл оқушылардың жеке дамуына қалай әсер етіп жатыр? Әріптесім Шұғыла Ғалиқызы арнайы барып, біліп келді.
️