Енді баспанаға қол жеткізгісі келген әр азаматтың дерегі мұқият түгенделеді. Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа талап енгізді. Елімізде наурыз айының екісінен бастап баспана алуға ниетті жандар үшін түгендеу рәсімінен өту міндеттелді. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін нақты әрі өзекті мәліметтердің болмауы жүйенің жұмысын баяулатып, кезек тәртібіне де кері әсерін тигізген. Енді деректерді жаңарту арқылы ашықтық пен әділдік қамтамасыз етілмек. Аймақта да бұл талапқа бейжай қарамай, құжаттарын ретке келтіріп жатқан тұрғындар саны күн санап артып келеді. Түгендеу үдерісі қалай жүріп жатыр? Тілшіміз баяндайды.
️