Әлеуметтік желідегі «Таяу Шығыстан босқындар келеді» деген шу шындыққа жанаспайды. Сыртқы істер министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды. Ведомства өкілдердің айтуынша, елімізге ешкімді қоныстандыру туралы жоспар да, ниет те жоқ. Сондықтан, жұртты дүрліктірген ақпарат — сөзді бұрмалау мен жаңсақ түсініктен туындаған. Мамандар халықты тек ресми деректерге сенуге және жалған мәліметке ермеуге шақырады. Негізінде, кез келген мемлекетте төтенше жағдайларға арналған іс-қимыл ережелері болады. Бірақ бұл — ертең шекарадан мыңдаған адам өтеді деген сөз емес. Министрлік өкілдері кез келген шешім ең алдымен Қазақстанның қауіпсіздігі мен мүддесіне сай қабылданатынын айтты.
️