Мемлекет басшысы "Қайсар-2021" оқу-жаттығуына қатысты

112
24.08.2021 23:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайдың елімізге тікелей қауіп төндірмейтінін айтты. Алайда «белгілі бір дәрежеде әсері болуы мүмкін, сондықтан босаңсуға болмайды» деген ел президенті  Алматы облысында өткен «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына қатысты. Арнайы жасақтар мен Ұлттық Ұлан сарбаздарының әлеуетін бағалады.Әскери оқу-жаттығуда сарбаздар өздерінің шеберліктерін байқатты. Пойыз вагондарын лаңкестерден босатып, қаныпезерлердің жолына тосқауыл қою операциясын көрсетті. Шара Ұлттық ұланның және Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы қызметкерлері жаттығатын орталықта болды. Бұл – барлық қажетті құралмен жабдықталған еліміздегі жалғыз кешенді жаттығу орны. Мұнда әлі оқ атып, әскери техника тізгіндеп көрмеген жігіттер дайындықтан өтеді.