200-ден астам тексеру сертификатының күші жойылды

17
04.03.2026 19:10

Түркістан облысында техникалық талаптарды бұзу деректері азаймай тұр. Өңірлік департаменттің 2025 жылғы қорытындысына сәйкес, жыл басынан бері 254 тексеру жүргізіліп, оның 92 пайызында заңбұзушылық анықталған. Кінәлі тұлғаларға 13 жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мониторинг нәтижесінде талапқа сай келмеген 12 декларацияның және 200-ден астам тексеру сертификатының күші жойылды. Ал жалған құжатпен сатылған цемент өнімдерінің ірі партиясыy нарыққа шығаруға  тыйым салынған.