Таза су биыл Шардараға да жетеді

14
27.02.2026 19:25

Шардарадағы ауыз су құрылысы аяқталуға жақын. «Тама» құдығынан тартылатын жаңа су құбырының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 39,3 шақырым су желісін салу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 27 шақырымы тартылып үлгерді. Диаметрі 560 миллиметр болатын полиэтилен құбырлары да орнатылған. Құрылыс қазір қай деңгейде, қанша қаржы жұмсалған, тілшіміз тарқатып айтсын.