Ауғанстанда барлығы 15-ке жуық қазақ отбасы тұрады. Бұл шамамен 200-дей адам. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадяров осылай мәлімдеді. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдегі этникалық қазақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тарихи отанына қайтаруға көмек көрсету бойынша арнайы тапсырма берген. Осыған байланысты мәселе Ауғанстандағы елшіліктің бақылауына алынған. Қазір Кабул қаласында біздің елдің дипломаттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында азаматтардың этникалық қазақ екенін анықтайтын арнайы комиссия құрылған.
️