Жол-көлік оқиғасы азайған

13
27.02.2026 19:23

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы екі айында жол-көлік оқиғасы былтырға қарағанда 21 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыстық прокуратурада интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқиғаларына қарсы іс-қимыл бойынша өткен кеңесте белігілі болды. Жиында түрлі құқы бұзушылыққа қарсы күрес әдістері талқыланды. Сондай-ақ басқосуда өткен жылы ғаламтордағы әккі жандардың қылмысы 40 пайызға өскені белгілі болды. Осыған байланысты өңір прокурорының орынбасары құқық қорғау органдары өкілдеріне нақты мәселелерді анықтауға тапсырма берді.