Референдум күні Түркістан облысында 948 учаске жұмыс істейді

16
27.02.2026 19:19

15 наурыз - Республикалық референдумға қызу дайындық басталып кетті. Түркістан облысы бойынша бұл жолы 1 млн 200 мың азамат дауыс беру құқына ие. Саяси науқанға байланысты 948 референдум учаскесі жасақталып отыр. 17 аумақтық комиссиясы жұмыс істейді. Оған 119 азамат мүше. Олардың 90 пайызға жуығы түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Комиссия мүшелерінің басты мақсаты -  референдумның заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету. Олар ұйымдастырушылық, құқықтық және техникалық жұмыстарды атқара отырып, халық еркінің әділ түрде көрініс табуына жағдай жасайды.