Конституциялық реформаның маңызы талқыланды

13
27.02.2026 19:18

Сенат төрағасы еліміздің мәслихат депутаттарымен бірге жаңа конституциялық реформаның маңызын талқылады. Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияның преамбуласына тоқталып, мұнда адамның құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияны дамытуға бағытталған ережелерге ерекше мән берді. Кеңес отырысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзгерістерге, оның ішінде билік жүйесін трансформациялауға қатысты да пікір алмасты. Сондай-ақ Құрылтай, Халық кеңесі және басқа да жаңа саяси институттар, олардың қалыптасуы, міндеттері, құзыреттері мен қызметі туралы сөз болды.