Конституциялық реформа талқыланды

18
26.02.2026 19:36

Жаңа Конституция – тек заң мәтіні емес, ел тағдырын айқындайтын стратегиялық бағдар. Тарихи шаһарда бас қосқан «Ауыл» партиясының өкілдері, мен облыстық мәслихат депутаттары маңызды жобаның басты бағыттары мен нормаларын жан-жақты талқылады. Алқалы жиында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру тақырыбы сөз болды. Сонымен қатар, алдағы 15 наурызда өтетін референдумға қолдау көрсету мәселесі де назардан тыс қалмады.