«Әдемі» датада 51 отбасы некесін қиды

20
26.02.2026 19:35

Шымкент қаласында бүгін үйлену тойларының дүркіреген күні болды. 26.02.26. Ақпанның осындай «әдемі» датасы мегаполистің АХАЖ бөлімінің жұмысына әдеттегіден гөрі артығырақ жүк салды. Айналдырған бір күннің ішінде елу бір жас жұбай  ресми түрде некесін қидырып, отбасылық өмірге қадам басты. Жастар бұл күнді таңдау үшін бірнеше ай бұрын кезекке тұрып, арнайы өтініш берген. Мамандар мұндай дүрбелеңді  сандардың сиқырлы сәйкестігімен байланыстырып отыр. Жиырма алты нөл екі жиырма алты деген «сиқырлы» датада неке куәлігін алғандар бұл сәттің баянды бақыт әкелетініне бек сенімді. Жалпы жыл басынан бері мегаполисте  тоғыз жүзге жуық жас жұбайлардың некесі қиылған.