«Тұран» футбол командасы сатуға шығарылды

18
26.02.2026 19:35

Түркістанның «Тұран» футбол клубы сатылымға шықты. Бір қызығы, кәсіби команданың бастапқы бағасы небары бір миллион теңгеге бағаланған. Облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы жариялаған бұл саудаға қатысу үшін небәрі 158 мың теңге кепілдік жарна төлеу жеткілікті. Электронды аукцион наурыз айының үшіне жоспарланып отыр. Алайда төмен бағаның артында үлкен жауапкершілік тұр. Жаңа иегерге қойылатын талаптар қатаң. Сатып алушы  он жыл бойына клубтың штатын сақтап қана қоймай, ірі инвестиция жұмсауға міндеттеледі. Оның ішінде жасөспірімдерге арналған футбол академиясын ашу және арнайы қыздар командасын құру туралы нақты шарттар бар. Бұл Түркістан футболын  жеке кәсіпкердің есебінен дамытуға бағытталған қадам.