Мұғалімдер оқушының өміріне сабақтан тыс уақытта жауапты болмайды

16
25.02.2026 21:58

Мұғалімдер бұдан былай оқушының сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауап бермейді. Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесін нығайтуға бағытталған жаңа заң жобаларын қарауға алды. Құжаттың басты мақсаты — мұғалімдерді өздеріне тән емес функциялардан арылтып, құқықтық қорғауды күшейту. Ұсынылған нормаларға сәйкес, педагогтің жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана күшінде болады. Ал сабақтан тыс уақытта, кешкі мезгілде немесе каникул кезінде баланың қауіпсіздігіне тікелей ата-анасы жауапты болмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының тамыз кеңесінде берген тапсырмасына негізделген. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заңдағы бұл өзгерістер мұғалімнің жүктемесін реттейтінін айтады.