Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке күйеу баласы ғана емес, сол үйдің қызы да ілікті. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімеді. Ол күдіктілердің кеше ғана Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түскенін айтып, оларды елге әкелу мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді. Бүгінде осы іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүріп жатыр. Еске салайық, былтыр жыл соңында Атырауда отбасы мүшелері белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді. Кейіннен үй иесі мен оның жұбайының мәйіті ауладағы сарайдан табылған болатын.
️