9 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

16
25.02.2026 21:56

9 миллион теңгенің алтынын ұрлаған азамат құрықталды. Кентауда  белгісіз азамат зергерлік дүкеннің есігін бұзып кіріп, бағалы бұйымдарды қолды еткен. Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған күдіктіні ұстады. Тінту барысында оның үйінен ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.