Жаңа Ата Заң жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне ерекше назар аударылған. Құжатта тарихи және мәдени ескерткіштерге қамқорлық жасау әрбір азаматтың міндеті екені нақты көрсетілген. Облыс орталығында орналасқан «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Конституцияның бұл бабын Түркістанның терең тарихымен байланыстырады. Айтуларынша, киелі мекенді тарихи мұра ретінде қастерлейтін жастар қатарын арттыру бүгінннің күннің өзекті тақырыбы болуы тиіс.
️