Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар 7 адамды аман алып қалды. Тілсіз жау тұрғын үйдің жетінші қабатында тұтанған. Өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен қауіпті аймақтан тұрғындарды эвакуациялады. Түтінге тұншыққан пәтер иесі баспанадан дер кезінде шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда зардап шеккен азамат дәрігерлердің бақылауында. Төтенше жағдайлар қызметі мамандары өртті толық сөндіріп, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
️