Ботаникалық бақта қызғалдақтар бүр жарды

15
24.02.2026 21:12

Ақпанның қытымыр суығына қарамастан, Түркістандағы университет жылыжайы іңкәрлік пен сұлулыққа бөленді. Көкорай көктемнің, көрікті тіршіліктің жаршысындай болған жауқазын гүлдердің тұқымы қазір түрлі түсте қауыз жарып, төңіректі  құлпыртып тұр.  7 мыңнан астам гүлмен көмкерілген көрікті  мекенге әріптесім Дана Қазыбек барып қайтты.