Бірнеше апта бұрын Созақ жұртшылығы көптен күткен қуанышқа кенеліп, ауданға табиғи газ берілді. Бұл – тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартып, әлеуметтік және әсіпкерлік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне серпін беретін игілік. Қазіргі таңда көгілдір отын ең алдымен аудан орталығы – Шолаққорған ауылына жеткізіліп, тұрғын үйлерді желіге кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшылығының мәліметінше, алдағы айларда шалғай елді мекендерді де газдандыру жоспарда бар. Инфрақұрылымдық жұмыстар бекітілген кестеге сай жүзеге асырылады дейді, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.
️