Түркістан төрінде ел тағдырын айқындайтын маңызды сәт талқыға түсті. «Керуен-Сарай» туристік кешенінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық науқаны өтті. Белсенділер қала тұрғындары мен қонақтарына Конституцияның жаңа бағыттарын, соның ішінде адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әділеттілік кепілдіктерін түсіндірді. Коалиция өкілдері әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес екенін айтып, азаматтарды 15-ші наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.
️