Білім саласындағы өзгерістер талқыланды

57
24.08.2021 23:38

Мектептер жаңа оқу жылына дайын емес. Бәрінен бұрын оқушыларға 800 мыңға жуық оқулық жетіспейді. Тіпті өңірдегі 50 мектепте кітапхана атымен жоқ.  Аталған мәселелер білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жүргізген алғашқы мониторинг барысында анықталып отыр. Жаңа оқу жылына қажет кітаптардың 70 пайызын қамтамасыз ету енді ғана жоспарланған. Сондай-ақ облыста 901 білім ордасы болса, соның 77-де  мектептер ішкі әжетханамен қамтамасыз етілмеген. Алайда былтыр 756 мектептің әжетханасын жөндеуге 2 млрд 179 млн теңге бөлінген екен. ескерсек, оның әлі күнге жүзеге аспауы күмән тудырарлық жайт.