Балалар арасында жүйке аурулары жиілеген

27
20.02.2026 18:46

Түркістан облысында балалар арасындағы сырқаттану көрсеткіші дабыл қағарлық деңгейге жетті. Әсіресе,  бүлдіршіндер арасында жүйке жүйесінің бұзылуы мен психикалық ауытқулар жиілеп кеткен. Статистикаға сүйенсек, өңірдегі мүгедектігі бар 103 мыңға жуық адамның 15 пайыздан астамы — 18 жасқа толмаған балалар. Тек өткен жылдың өзінде 7 мыңнан астам тұрғынға алғаш рет мүгедектік мәртебесі берілген. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, балалар арасындағы аурудың көш басында нерв жүйесінің сырқаттары тұр. Бұл — жалпы көрсеткіштің 27 пайызы. Одан кейінгі орында туа біткен аномалиялар мен психикалық мінез-құлықтың бұзылуы жайлаған. Қазіргі таңда облыс бойынша 9 арнайы бөлім мүгедектікті анықтап және әлеуметтік қорғау шараларын жүргізіп жатыр.