Елорда полицейлері жол ережесін бұзғандарды енді әуеден бақылап жатыр. Әсіресе, көлік тізгіндеп келе жатып, телефонға шұқшиятындар басты назарда. Әуеден жүргізілген тексеріс барысында қауіпсіздік белдігін тақпау және қарсы бағытқа шығу сияқты өрескел құқық бұзушылықтар тіркелген. Тіпті, жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер де назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, қала көшелерінде «Ekin-патруль» экипаждары мен Жедел басқару орталығының бейнекамералары да тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Полиция департаменті ереже бұзғандарға заңға сәйкес қатаң шаралар қолданылып жатқанын ескертеді.
️