Отандық өнімдер Қытай нарығын бағындырмақ! Енді аспан асты еліндегі 300-ден астам дүкеннің сөресінде қазақстандық тауарлар сатылымға шығады. Бұл ауқымды жоба туралы Түркістанда өткен Түркі елдері сауда-өнеркәсіп палаталары одағының жиынында айтылды. Айта кетейік, биыл бұл ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Алқалы жиын барысында бауырлас елдер арасындағы іскерлік байланысты күшейтіп, бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бірауыздан бекітілді.
️