22 мың кәсіпкер салық режимін таңдап үлгермеген

18
19.02.2026 19:22

Түркістан облыс бойынша арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлердің жалпы саны 122 мыңнан асады. Оның ішінде 91 мыңы салық режимін өзгерту туралы хабарлама жолдаған. Сонымен қатар, 6 428 кәсіпкер қызметін тоқтату рәсімін жүзеге асырған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер өңірдегі бизнес субъектілерінің салықтық міндеттемелерін ретке келтіріп, қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру бағытындағы жұмыстың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді дейді.