Ауылдарда пошта байланысында проблема болуы мүмкін

15
19.02.2026 19:16

Ауылдық жерлерде интернеттің болмауы және пошта қызметіндегі маршруттардың қысқаруы шалғай елді-мекен тұрғындарын ақпараттық оқшаулауға әкелуі ықтимал. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында депутат Әлібек Нәутиев мәсле көтеріп, дабыл қақты. Мәліметтерге сүйенсек, 2026 жылы елімізде пошталық байланыс қызметіне 500 миллион теңге бөлінген. Алайда бұл қаражат нақты шығындардың небәрі 4 пайызына ғана жетеді. Соның салдарынан бірқатар ауылдарда пошта қызметі жабылуы мүмкін. Бұл әсіресе мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, соның ішінде референдум кезеңдерінде өзекті мәселеге айналып отыр.