Балқашта бес қабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті

15
19.02.2026 19:15

Балқаш қаласындағы  Қараменде би көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдің апатты деп танылған 5-кіреберісі опырылып  құлады. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 8 шамасында болған. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімдік мәліметінше, құлаған кіреберіс былтыр апатты деп танылып, ондағы тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір аумақ қоршауға алынып, инженерлік желілер ажыратылды. Демонтаж жұмыстары жүріп жатыр, қалған кіреберістер қосымша тексеруден өтеді.