Көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 74 адам эвакуацияланды

14
19.02.2026 19:14

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Астана қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Оқиға Айнакөл көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйдің паркингінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды жылдам өшіріп, түтін жайылған аймақтан 74 адамды, оның ішінде 26 баланы алып шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.