Үкімет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізді

15
19.02.2026 19:11

 Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Үндістан жасанды интеллект - 2026» саммитіне қатысты. Сондай-ақ, ол  Нью Делиге  жұмыс сапары кезінде Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару бойынша бірлескен жобаларды жандандыру жайын талқылады. Айта кетейік, былтырғы жылы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 920 млн. АҚШ долларынан асқан.  Енді Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша өнім жеткізу көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын. Сонымен қатар, Олжас Бектенов пленарлық сессияда әлемдік алпауыт компанияларды озық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.