Жасанды интеллект: Білімге баспалдақ па, әлде жалқаулыққа жол ма?

22
18.02.2026 21:03

Соңғы уақытта жасанды интеллект білім беру саласына дендеп ене бастады. Бүгінде тың технология  мектеп оқушыларына күрделі тақырыпты  жеңіл  түсіндіріп, тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беретін тиімді құралға айналып келеді. Алайда  сарапшылар технологияны орынсыз қолдану баланың өз бетінше ойлау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Сондай-ақ, оны қолдану мәселесінде қауіптер де жоқ емес. Ақылды ассистенттер көмекші ме әлде жалқаулыққа бастайтын жетекші  ме? Тақырыпты  зерттеп қайтқан әріптесім Шынар Мұратхан тарқатып айтып берсін.